.RU

Логистика ұғымы

Дата19.03.2017өлшемі151.19 Kb.
МАЗМҰНЫ






Кіріспе

5

1

Логистика ұғымы

6

2

Қазақстан Республикасындағы логистика

10

3

Айналым саласындағы материалдық ағымды логистикалық тиімділеу

14

4

Логистиканың функциялары

17

5

Логистикадағы материалдық ағым

19

6

Логистикалық жүйелер

23

7

Логистика жүйесіндегі тасымалдау тізбегі

28

8

Логистика жүйесіндегі иивестиция

33

9

Көлік логистикасы

38

10

Логистика жүйесінің сыртқы және ішкі әсерлерден тәуелділігі

45

11

Тауар-материалдық қорлар

48

12

Қор ұғымы

52

13

Қорларды басқару теориясының элементтері

55

14

Көлік логистикасы жүйесіндегі кешендер

62




Әдебиеттер тізімі

66

КІРІСПЕ
Көліктің негізгі міндеті – бұл жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы тұтынушының қажеттіліктерін уақтында және сапалы өтеу болып табылады. Ал автомобиль көлігінің жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттырып, «есіктен-есікке» жеткізу мүмкіндігі бар.

Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.

Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану.

Логистиканы келесідей салаларға бөлуге болады:


  • Қамтамыз ету логистикасы

  • Өндірістік логистика

  • Тарату логистикасы

  • Сатудан кейінгі (after sales) логистика

  • Шығарып тастау (disposal) логистикасы

Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады.

Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.

Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.

Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.

1 Логистика ұғымЫ



    1. Логистиканың анықтамасы

    2. Логистиканың дамуының алғышарттары

    3. Логистиканың даму кезеңдері

    4. Логистиканың бағыты мен принциптері

“logistike” – грек сөзі, есептеу, пікір айту шеберлігі деген мағына береді. Логистика - материал ағымдарын басқару шеберлігі мен ғылымы.



Логистика дегеніміз – материалдық және сонымен байланысты ақпараттық, қаржы ағымдарын тиімді басқарудың ғылыми-тәжірибелік тәсілі.

Қоғамдық өндірістің барлық кезеңдерінде (қамтамасыз ету, өндіріс, өткізу, т.б.) шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, құрауыштар, дайын өнім, энергия жататын заттай нысандардың экономикалық салада (өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, т.б.)қозғалатын және/немесе қайта қалыптасатын логистикалық категория.



Халық шаруашылығында логистика дегеніміз – жалпы ел экономикасындағы материалдарды өткізу немесе тасымалдауды зерттеумен және соған байланысты ақпараттар ағымдарын жетілдіру арқылы қаржы шығындары мен адам күштерін үнемдеуді қамтамасыз ету туралы ғылым.

Кәсіпкерлікте логистика дегеніміз – барлық іс-қимылдарды бақылау, яғни керекті материалдарды іздестіру, сатып алу, оны тасымалдау және тиімді пайдалану немесе тұтынушыларға ұтымды өткізу.

Логистикадағы негізгі ұғым – материал ағыны болып табылады. Материалдық ағын - қоғамдық өндірістің барлық кезеңдерінде (қамтамасыз ету, өндіріс, өткізу, т.б.) шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, құрауыштар, дайын өнім, энергия жататын заттай нысандардың экономикалық салада (өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, т.б.) қозғалатын және/немесе қайта қалыптасатын логистикалық категория.
Логистиканың дамуының алғышарттары. Қазіргі экономикада логистиканы кеңінен қолдану мүмкіншілігі неге қажет болғанын қарастырайық.

Логистиканы қолдану қажеттілігі бірқатар себептермен түсіндіріледі, соның ішінде 3 негізгі себеп:



1-себеп, сатушы нарығынан тұтынушы нарығына ауысумен байланысты бәсекелестің дамуы.

Логистиканың даму кезеңдері. Қазіргі экономикада логистиканы жетілдірудің 3 кезеңін ажыратады:

1-кезең - 60-жылдар, айналыс саласында материалдық ағымдарды басқаруға арналған логистикалық тәсілді қолданумен сипатталады. Бұл кезеңде екі негізгі жағдай орын алды:



  1. Өндірістегі, сақтаудағы және тасымалдаудағы жеке материалдық ағымдар басқарудың бірыңғай жүйесімен өзара байланысты бола алды.

  2. Материалдарды қолмен таратудың кейбір функцияларын біріктіру мәнді экономикалық эффект бере алды.

Логистиканың дамуының 1-ші кезеңінде көлік пен қойма өзара тығыз байланысқа түсе бастады.

1.1 сурет - Логистиканың дамуының 1-ші сатысы – көліктік-қойма процесінің бірігуі




  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛОГИСТИКА

2.1 Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану

2.2 Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы

Еліміздегі логистиканың даму мәселелеріне тоқтала кетейік. Логистиканың тәжірибелі тәсілдерді және ғылыми көзқарасты талап етуі Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуінің бастауымен сай келді. Шетелдік тәжірибе және жоғарыда қарастырылған шетелдегі логистикалық концепциялардың эволюциясы көрсеткендей, нақты теориялық аппаратта және логистикалық менеджменттің тәжірибелік әдістеріне қажеттілік өндіруші күштердің, технологиялардың, саяси жағдайдың, белгілі тарихи уақытта қалыптасқан нарықтық қатынастардың ересектігіне байланысты болып келеді. Отандық бизнестегі логистикалық көзқарастың мүмкіндіктерін және қарқынын бүгінгі күнгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдан және экономикалық реформалар қадамының болжамынан бөліп-жарып қарауға болмайды.

Жұмыстың мақсаты болып табылмайтын экономикалық талдауға берілмей-ақ Қазақстандағы логистикалық концепцияның даму жолындағы негізгі проблемаларды қарастырып өтейік:

Біріншіден, қоғамның барлық қабаттарындағы ауыр жалпыэкономикалық жағдай және әлеуметтік қиыншылық көптеген қазақстандық кәсіпкерлер, менеджерлер, инженерлі-техникалық жұмысшылар үшін таңсық логистикалық идеялардың отандық бизнесте өрлеуіне көмегін тигізбейді. Экономиканың стагфляциясы, монополизмің және мемлекеттік меншіктің маңызды салалардағы жоғары дәрежесі, қаржылық дағдарыс және төлемеушіліктері, өндіріс көлемдерінің және өмір сүру деңгейінің төмендеуі, созылмалы негативті экономика реструктуризациясы және инвестиция ашылуы – бұның барлығы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы логистиканы енгізу және дамытудағы толық теріс сипаттамасы емес.

Екіншіден, көп уақыт бойы отандық экономикада логистиканы қолдану саласы (қамтамасыздандыру және өнім өндіру) бағаланбаған, ал Батыста логистика негізгі (фундаменталды) орынды алады. Тарихқа қарасақ, елімізде қолдану саласы өндірістік саладан, соның ішінде, тауарды және қызметті өндіруді ұйымдастырудан біршама артта қалып қойған. Айналым сферасы тауардың өндірушіден тұтынушыға жай жетуімен, қанағаттандырылмаған сұраныс жоғары дәрежесімен, төмен сенімділігімен және тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі сапасының төменділігімен сипатталады. Айналым сферасы қашанда қалдықтық принциппен қаржыландырылады; басқару персоналының жетекшілері экономикадағы айналым саласының рөлін дұрыс бағалай білмеген.

Үшіншіден, бүгінгі таңда Қазақстан экономика инфрақұрылымы даму деңгейінің әлемдік орташа деңгейінен әлдеқайда қалып бара жатыр (ең алдымен өнімді қолдау саласында). Осы жерде келесі негізгі негативті жағдайларды көрсетуге болады:

• тауар өндіруші құрылымдардың бейрационалды дамуы (өнеркәсіпте және саудада ойластырылған тауар өткізу жүйесінің стратегиясының жоқтығы, ірі және орташа көтерме деңгейлерінде ұйымдастырылған тауарлы нарықтың жоқтығы);

• заманауи электронды коммуникациялар жүйесінің, электронды желілердің, байланыс және телекоммуникация жүйелерінің даму деңгейінің төмендігі;

• автомобильді жолдар саласында қалып қойған транспорттық инфрақұрылымы; жүк автомобильдерінің, мультимодальдық және кедендік терминалдардың техника-технологиялық деңгейінің төмендігі және санының аздығы;

• транспорттың барлық түрлерінде әлемдік стандарттарға сай заманауи траспорттық құралдардың болмауы; транспорттың жылжымалы құрамының физикалық және моральдық жоғары дәрежелі тежелуі;

• қоймалық қожалықтардың өндірістік-техникалық базасының даму деңгейінің төмендігі; өнімді өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық құрылғының жетіспеуі; қоймалық жұмыстың механизация мен автоматтандыру деңгейінің төмендігі;
3 АЙНАЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ АҒЫМДЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛЕУ



    1. Логистиканы пайдаланудан болатын экономикалық нәтиже

    2. Логистиканың алты ережесі

Материалдық ағымдарды басқарудың логистикалық тәсілінің мәні қажетті тауарды қажетті уақытта жылдам және үнемді жеткізетін логистикалық процестің жеке қатысушыларын бір жүйеге біріктіру болып табылады. Күрделілігі - бірыңғай жүйе шегінде әртүрлі меншік иелерін, яғни экономикалық көзқарастары әртүрлі субъектілерді біріктіру. Материалдық ағымды логистикалық тиімділеу тауар қозғалысына кететін жиынтық шығындарды әртүрлі іс-шараларды жүзеге асыру есебі нәтижесінде төмендетуге мүмкіндік береді.

Мысал ретінде қанттың шығарушы зауыттан дүкендерге дейін жету қозғалысының принциптік сұлбасын қарастырайық. Қалыпты жағдайда қант 50 кг қапқа салынады. Логистика тұрғысынан тиімделмеген материалдық ағымда қант дүкендер қапқа салынған күйінде жеткізіледі. Қантты бөлшек сауда жүйесіне жеткізу процесін логистикалық тиімділеу логистикалық жүйенің барлық қатысушылары арасында жалпы нәтиже алатын әріптестік қатынас орнатуды болжайды. Егер жүйенің үш қатысушысы бір жеке меншік иесінде боса, онда меншік иесі қантты қайда жеке қапшаларға салушы еді?

Мысалы, қантты 4 жерде қапшаларға салуға болады:



  • кезекті тұтынушыға қызмет көрсету кезінде дүкенде;

  • дүкеннің қоймасында;

  • жаппай сату базасында қаптау цехында;

  • қантты шығару зауытында.

4 ЛОГИСТИКАНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Экономикада материалдық ағымдарды басқару процесінде әртүрлі тапсырмаларды шешіледі. Бұлар – сұраныс пен өндірісті, тасымал көлемін болжау; материалдық ағындардың тиімді көлемдері мен бағыттарын анықтау; жүктерді жинауды, орауды, тасымалдауды ұйымдастыру және т.б. тапсырмалары.

Материалдық ағымдар қандай бір өнімді өндіретін, қандай да бір қызметтер көрсететін немесе қандай да бір қызметтерді пайдаланатын әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі нәтижесінде пайда болады.

Материалдық ағымдарды басқаруда басты роль атқаратын кәсіпорындар:


  • жалпы қолданыстағы көліктік кәсіпорындар, әртүрлі экспедициялық фирмалар;

  • көптеп сату кәсіпорындары;

  • коммерциялық-делдал ұйымдар;

  • дайын өнім қоймалары әртүрлі логистикалық операцияларды орындайтын өндіруші кәсіпорындар.

Осы кәсіпорындар мен ұйымдардың күшімен материалдық ағымдар қалыптасады, тауар қозғалысының процесі жүзеге асырылады және бақыланады. Логистикалық процестің әр қатысушысы қандай да бір логистикалық функцияның тобын жүзеге асыруға мамандандырылады. Логистикалық функция – логистикалық жүйенің мақсатын жүзеге асыруға бағытталған логистикалық операциялардың іріленген тобы.

5 ЛОГИСТИКАДАҒЫ Материалдық ағым

5.1 Материалдық ағымның түрлері

5.2 Логистикалық операциялар

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.
6 ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

6.1 Логистикалық жүйенің қасиеттері

6.2 Логистикалық жүйенің түрлері

Экономикалық механизмнің қызмет етуін қамтамасыз ететін әртүрлі жүйелер бар. Осы жүйелердің ішінен синтездеу, талдау және жетілдіру мақсатында логистикалық жүйелерді ажырату қажет.

Алдымен жалпы «жүйе» ұғымына тоқталайық. Энциклопедиялық сөздік бойынша «жүйе»: «Жүйе (грек сөзінен аударғанда – бөліктерден құралған бүтін; қосылыс) – бір–бірімен өзара қатынаста және бір–бірімен өзара байланыста болып, белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын көптеген элементтер».

Жүйе деп есептелуі үшін нысанда төрт қасиет болуы керек.



Бірінші қасиеті тұтастық және бөлінгіштігі. Жүйе бір–бірімен өзара әрекетте болатын элементтердің тұтас жиынтығы. Элементтер тек жүйеде әрекет етеді. Олар жүйеден тыс жүйе құруға әлеуетті қабілеті бар нысандар болып келеді. Жүйенің элементтерінің сапалары әртүрлі, бірақ, бір уақытта бір–біріне сәйкес келеді.

Екінші қасиеті - байланыстар. Жүйенің элементтері арасында осы жүйенің интегративті сапасын анықтайтын байланыстар болады. Байланыстар заттық, ақпараттық, тура, кері және т.с.с. болады. Жүйе ішіндегі элементтер арасындағы байланыс кейбір элементтердің сыртқы ортамен байланысына қарағанда берік болуы керек. Олай болмаған жағдайда жүйе әрекет етпейді.

Үшінші қасиеті - ұйымдастыру. Жүйе пайда болу үшін реттелген байланыстарды, яғни белгілі бір жүйені, жүйені ұйымдастыруды қалыптастыру керек.

Төртінші қасиеті – интегративті қасиеттер. Жүйеде интегративті қасиеттердің болуы, яғни толық жүйеге тиесілі, бірақ жеке оның элементтеріне тән емес қасиеттер.
7 ЛОГИСТИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАСЬІМАЛДАУ ТІЗБЕГІ

7.1 Логистика жүйесіндегі тасымалдау тізбегінің негізгі қағидалары

7.2 Логистика жүйесіндегі тасымалдау тізбегінің талаптары

Бүгінгі нарық талаптарына қарай автокөлік тек қана тасымалдау жүмыстары емес, сонымен қатар соған керекті қосымша іс-шараларды ұйымдастыруды да атқаруына тура келіп отыр. Өйткені жүк тасымалдаушылар тұрақты ірі өндіріс орындары болмағандықтан автокөлік кәсіпорын иелері кәсіпкерлерге, тасымалдауға тапсырыс берушілерге мүмкіндігінше толықтай қызмет көрсетуге ұмтылады. Басты логистикалық тасымалдау жүйесінің мақсаты - жүкті дайындау, сақтау, тиеп-түсіру, тасымалдау және иелеріне тапсыру, яғни басынан аяғына дейінгі қызмет түрлерін толықтай өз мойынына алу болып табылады.

Осындай амалдардың әсерінен тұтынушыларға қызмет етудің барлық саласын қамтиды, ол үшін автокөлік кәсіпорындары жүргізушілер мен қатар маркетингтер, делдалдар, жүктерді жинап сақтау қоймаларын, оған тиеп-түсіруге керекті техникаларды игереді. Осындай іс-қимылдардың арқасында автокөлік кәсіпорындары өздерінің шаруашылығы жанынан тасымалдауға арналған жүктерді жинау, дайындау, орау, тиеп,- түсіру, сақтау сияқты қосымша қызметтері үшінде қаржы табуды жолға қойып отыр. Ал тасымалдау мәселесі бұндай жағдайда өзгеше шешім қабылдауды керек етеді. Себебі кез- келген жүк көлемі немесе салмағы арнаулы автокөлік жіберуде тиімсіз болуы мүмкін. Егер автокөлікке салмағы немесе жүк көлемі толмаса жіберген автоколік шығындары, төленген қаржыдан аз болып зиян әкеледі. Демек тапсырушының берген уақыты арасында жүкті жеткізу үшін басқа жақтан сол бағытқа жүргелі тұрған автокөлікті іздестіріп, сол арқылы жүкті жеткізуді қамтамасыздандыру тиіс. Олай болмаған жағдайда тапсырушы келер жолы келмейтіні анық. Демек, автокөлік кәсіпорындары тек қана тасымалдаушы ғана емес сонымен қатар тапсырушыларға қосымша көмек көрсетуші және жүктерін тасымалдауда делдалдықта қызмет көрсетеді. Кейбір жағдайларды, соның ішінде күнделікті халық тұтынар тауарларды жіберуде, делдалдық жұмыстан коп пайдатабылады. Өйткені арнаулы автокөлік жібермегесін мекемеден шығар шығын және жол үстіндегі қауіп-қатер мәселесінен арыласың, бірақ тасымалдаудан кәрер пайдаң кемиді. Екінші жағынан тасымалдауға тапқан автокөліктің иесіненде көп байланысты. Олай болар себебі Алматы сияқты Республиканың барлық ірі қалаларында сырттан келген жүк автокөліктері тұратын арнаулы орындар бар. Сол жерден керекті бағыттан келген автокәліктер иелері өздері жүкпен келіп, қайтар жолға бос кетпесі үшін қосымша табыс ретінде жүк іздейді. Бірақ олардың тасымалдау бағасы, арнаулы баратын автокөлікпен тасымалдау бағасынан екі-үш есе кем болады. Мысалы Алматы-Астана бағытына тасымалдау бағасы бір куб. метрге шаққанда 6...7 мың теңге болса, ал Астандан-Алматыға жүкпен келіп, кері қайтатын автокөліктер оларды 1.5...2,0 мың теңгеден алып кетеді.

8 ЛОГИСТИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИИВЕСТИЦИЯ


8.1 Логистика жүйесінің инвестиция тартуы

8.2 Қаржы ағымдары

Автокөлік секторының одан әрі дамуы үшін қажет техникалық және ұйымдық іс-шаралар тиісті инвестицияларды талан етеді. Инвестициялар тарту мемлекеттен бастап нақты кәсіпорындармен шаруашылық жүргізуші субьектілерге дейін түрлі деңгейдегі шешімдерді негіздеуге және қабылдауға байланысты болады.

Автокөлік кешеніне инвестиция салу негізінде осы жүйенің нақты кешеніне ұзақ мерзімге қарлсы салып, соның нәтижесінде үстеме қаржыдай табыс немесе басқа да тиімді пайда алу.

Инвестиция салу ерекшілігі бір мезгілде үлкен көлемді қаржыны ұзақ мерзімге салу, ол айналымдағы қаржылар күнделікті, айлық, тоқсандық немесе жылдық болуы мүмкін.

Инвестицияны автокөлік кешеніне салудың бірнеше түрлері бар, олар төмендегідей:

-негізгі қорды немесе айналымдағы қаржыны ұлғайту ол үшін автокөлік кәсіпорынына жер, ғимараттар сатып алу, лсаңа өндірістік ғимараттар тұрғызу немесе жөндеу, құрал-саймандар мен автомобильдер алу;

-қаржыдай инвестиция салу автокөлік кәсіпорынының акцияларын, құнды қағаздарын сатып алу және алғашқы Жарғылық қорға қаржы құю. Негізгі мақсат қаржының үстінен тұрақты түрде үстінен пайызын алу болып табылады;

-материалсыз инвестиция автокөлік кәсіпорынына арнаулы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қортындысын беру, мамандар және жүргізушілер дайындау.

Қандай да болмасын инвестиция, оның түрлеріне қарамай барлығының мақсаты автокөлік кәсіпорынының тиімділігін арттыру арқылы қосымша пайда табу болады. Сол себепті, инвестициялық қарлсы салмастан бұрын, нақты кәсіпорындарда алдын-ала инвестициялық лсоба орындалып бағаланады. Осы жобаға сәйкес қаржы салу және оның реті, мезгілі және тиімділігін бағалау амалдарын бекітеді.

Кәсіпорындар өздерінің инвестицнялық жобаларын мемле- кеттің қолдау көрсету дәрежесін ескеру арқылы рыноктық жағдаяттың шарттарыны сүйене отырып әзірлейді. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік заңдарымен басқарылатын таза рыноктың экономика салаларынан айырмасы, көлік салалары, әсіресе автомобиль жолдары мен темір жолдар анағұрлым үлкен дәрежеде мемлекетке тәуелді және ол дотацилар, жеңілдіктермен салықтар және т.б. түріндегі рыноктық емес реттеуші әсерлерді көздеулері тиіс.

Бұл орайда, инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін аса маңызды қағидат болып қайткенде де күрделі қаржы жұмсалымының пайдалылығы қалуы тиіс. Экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялардан түсетін кірістердің орташа деңгейлеріне назар аудара отырып, инфрақұрылымдық саладағы инвестициялық қызметтің өздігінен жоғары пайдалылық деңгейімен байланысты емес екендігін байқауға болады. Демек, осы қызмет сыртқы, ең алдымен мемлекеттің қолдау көрсетуіне ұдайы тәуелді болуы тиіс.

Көлік саласындағы мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру біршама күрделі және ол кешенді талдау мен әрбір инвестициялық іс-шараның сарабынан негізделетін жалпыға танылған халықаралық тәсілдерді ескеруі тиіс. Нақты жобалар мен бағдарламалар түрінде жоспарланған инвестициялар автокөлік сияқты инфрақұрылымдық салаларда, әдетте, мемлекеттік құрылымдар арқылы ынталандырылады және әзірленеді. Соған қарамастан, оларға меншіктің өзге нысандарындағы кәсіпорындардың қатысуы әлемде кеңінен таралған. Инфрақұрылымдық саланың дамуына тікелей мүдделі тұлға ретіндегі мемлекет, жалпы стратегия жасауда, инвестициялық басымдықтарды белгілеуде, қолайлы рай қалыптастыруда және инвестицияларға қолдау көрсетуде басты роль атқарады.
9 Көлік логистикасы

9.1 Көлік логистикасының мәні мен міндеттері

9.2 Көлік түрлерінің техникалық-экономикалық ерекшеліктері

9.3 Жүк тасымалдарының жіктемесі мен сипаттамасы (жөнелту түрлері)



Көлік – адамдар мен жүктер тасымалын жүзеге асыратын материалдық өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында көлік материалдық қызмет өндірісіндегі салаға жатады.

Логистикалық операциялардың көп бөлігі шикізат кезінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі материалдық ағымдар қозғалысының жолында әртүрлі көлік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл операцияларды орындауға кететін шығындар логистикаға кететін шығындардың 50%-ға дейінгі сомасын қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:

koncern-bellegprom-programma-tehnicheskogo-perevooruzheniya-oao-rogachevskij-zavod-diaproektor-na-period-2009-2015.html
koncern-energoatom.html
koncern-pvo-almaz-antej-otkritoe-akcionernoe-obshestvo.html
koncert-dlya-flejti-i-goboya-s-orkestrom-1978-chislennim-i-daleko-ne-ordinarnim-vzglyadam-etogo-talantlivejshego.html
koncert-dlya-trubi-s-or-rom-lya-bemol-mazhor-stranica-4.html
koncert-lekciya-po-stranicam-detskogo-alboma-p-i-chajkovskogo.html
  • college.bystrickaya.ru/1-vozmozhnosti-detskih-bibliotek-i-yunosheskih-podrazdelenij-v-formirovanii-informacionnogo-prostranstva-stranica-2.html
  • control.bystrickaya.ru/doklad-na-mezhdunarodnoj-nauchno-prakticheskoj-konferencii-inklyuzivnoe-obrazovanie-metodologiya-praktika-i-tehnologiya.html
  • spur.bystrickaya.ru/krasnoyarskaya-sanatornaya-shkola-internat-publichnij-otchet-za-2013-2014-uchebnij-god.html
  • assessments.bystrickaya.ru/dvoryanskoe-gnezdo-stranica-6.html
  • lesson.bystrickaya.ru/provedenie-to.html
  • klass.bystrickaya.ru/74-75-laak-ya-ter-l01-psihodiagnostika-problemi-soderzhaniya-i-metodov.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/agrarnij-vopros-v-programmah-politicheskih-partij-nachala-20-veka-chast-4.html
  • doklad.bystrickaya.ru/vichislitelnaya-tehnika-v-uchebnom-processe.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/zakon-om-stranica-20.html
  • bukva.bystrickaya.ru/osobennosti-vibora-optimalnih-stomatologicheskih-materialov-implantacionnih-sistem-i-ortopedicheskih-konstrukcij-dlya-reabilitacii-bolnih-saharnim-diabetom-stomatologiya-14-00-21-stranica-2.html
  • desk.bystrickaya.ru/orenburgskij-gosudarstvennij-universitet-stranica-16.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tema-arktika-povishenie-kachestva-obrazovatelnih-rezultatov-v-nachalnoj-shkole-cherez-fakultativnie-zanyatiya.html
  • textbook.bystrickaya.ru/informacionnie-potrebnosti-starsheklassnikov-i-studentov-realizacii-programmi-informkultura-48-v-cbs-g-pervouralska.html
  • lesson.bystrickaya.ru/potoki-v-visual-basic.html
  • turn.bystrickaya.ru/osobennosti-ucheta-na-avtotransporte-kurs-tyumenskij-gosudarstvennij-universitet-rabochij-uchebnij-plan-3-kurs-specialnost.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-1-rasslablenieigra-1-s-6-let-celi-fopel-k-kak-nauchit-detej-sotrudnichat-psihologicheskie-igri-i-uprazhneniya.html
  • control.bystrickaya.ru/doklad-po-fizike-slovo.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/procedura-postupleniya.html
  • teacher.bystrickaya.ru/gaudemus-latinskij-yazik.html
  • doklad.bystrickaya.ru/vopros-5-v-a-chetvernin-problemi-teorii-prava.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/antiglobalizm-5.html
  • letter.bystrickaya.ru/o-gorodskoj-celevoj-srednesroch-stranica-3.html
  • holiday.bystrickaya.ru/metodicheskoe-rukovodstvo-po-vipolneniyu-diplomnogo-proekta-dlya-studentov-specialnosti-080507-menedzhment-organizacii.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kurs-01mpk-013-metodicheskoe-posobie-po-kursovoj-rabote-metodologiya-i-metodi-psihologo-pedagogicheskih-issledovanij.html
  • bukva.bystrickaya.ru/pedagogicheskie-vzglyadi-dzhona-lokka.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/soderzhanie-hrapilina-l-p-d-e-n-prof-sherbakov-a-i-k-e-n-doc-s11-socialnaya-politika-uchebnik-pod.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/sajt-steelguru-india-february-22-2009-plan-of-development-of-kazakhstan-oil-refining-plants.html
  • textbook.bystrickaya.ru/istoriya-shkoli-kak-sredstvo-formirovaniya-cennostnih-orientacij-obuchayushihsya-na-urokah-anglijskogo-yazika.html
  • tasks.bystrickaya.ru/191028-sankt-peterburg-ul-chajkovskogo-27-lit-a-tel-812740-70-98-telfaks-812740-70-99.html
  • letter.bystrickaya.ru/mihail-vasilevich-ryabko-vipusk-6-25-k-prazdniku-11-maya-ns-patriarhov-noya-sima-i-yafeta-praroditelej-beloj.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tema-3-iskusstvo-italii-i-angliixviii-veka-konspekt-lekcij-po-istorii-iskusstva-9.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/zlotnikov-roman-car-fedor-eshe-odin-shans-stranica-6.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/programma-treninga-sovremennij-menedzhment-v-usloviyah-izmenenij.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/5-seminarskie-zanyatiya-seminar-po-teme-2-mirovaya-valyutnaya-sistema-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-mezhdunarodnie.html
  • predmet.bystrickaya.ru/regionalnie-novosti-v-oblasti-razvitiya-malogo-predprinimatelstva-za-period-s-08-02-2010-po-12-02-2010-stranica-3.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.